Серіктестер

«АЗИЯ ТУРАБИ» бағалау компаниясы Қазақстан Республикасының бірқатар мекемелерімен, соның ішінде коммерциялық банктермен серіктес ретінде жұмыс істеп келеді.

Аз ғана уақыт аралығында (2008–2016 жж.) Компания өзін кәсіби деңгейде таныта білді. Бүгінгі таңда келесі Банктермен қоян-қолтық еңбек етуде:

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ — өз клиенттерінің игілігі үшін 89 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.

www.halykbank.kz

«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ

Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2012 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 444,8 млрд. теңгені құрады.

1991 жылы Медеу Банкінің негізінде құрылған «Казкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады. Банк акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінде тіркелген (KASE).

www.kkb.kz

«KASPI BANK» АҚ

KASPI BANK қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойғандығымен ерекшеленеді. KASPI BANK-тің командасы көрші нарықтарды бағындырмаса да, ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді. 1 миллионнан астам клиенті бар, соның ішінде 8 мыңнан астамы орта және шағын компаниялар.

Банк ең ірі филиалдар желісінің бірін құрды және адамдар көптеп сауда жасайтын үлкен дүкендердің кез келгенінен банк қызметкерлерін кездестіре аласыз.

www.kaspibank.kz


«ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНКІ» АҚ

«Еуразиялық банк» АҚ 1994 жылдың 26-желтоқсанында ҚР Ұлттық Банкінде тіркелген. Бүгінде Еуразиялық банк қаржы нарығының белсенді қатысушысы болып табылады.

Банктің стратегиясы – клиенттер базасын көбейту, филиалдаржелісін арттыру. Соңғы дерек бойынша банктің 18 филиалы, 48 бөлімшесі бар.

www.eurasian-bank.kz

«ВТБ ҚАЗАҚСТАН БАНКІ» АҚ ЕҰ

«ВТБ ҚАЗАҚСТАН БАНКІ» АҚ ЕҰ–көңілін корпоративті клиенттер мен шағын және орта бизнеске бөле отырып, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің мақсаты – клиенттерінің қажеттіліктерін жылдам арада тани біліп, еуропалық сападағы өнімдер мен қызметтерді ұсыну.

ВТБ Банкінің (Қазақстан) негізгі бәсекелестік артықшылықтары – кәсіпқойлардың күшті командасы, әр клиентпен жеке жұмыс және ВТБ қаржылық тобының қор базасына қатынас – Банкке нақты қызмет стратегиясы мен белгіленген міндеттерге сәйкес қарқынды даму мүмкіндігін береді.

www.vtb-bank.kz

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ» АҚ

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстанның бәсекелесе алатын шикізаттық емес экономика секторын дамыту ісінде мемлекетке көмектесіп келеді. 2000 жылы негізі қаланған. Банктің мәртебесі – Қазақстан экономикасының шикізатсыз секторын қаржыландыратын ҚР Үкіметінің инвестициялық институті.

www.kdb.kz



«ASIA CREDIT BANK» АҚ

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 1992 жылы құрылған. Бұрын Банк қаржылық қызмет көрсету нарығында «„Лариба Банк“ Бірлескен Банк» АҚ ретінде танымал болатын. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ Қазақстанда ипотекалық кредиттеу мен лизингтік қаржыландырудың пионері болып табылады. Банктік қызмет көрсету кешені ірі және орта бизнеске арналған, сол секілді жеке кәсіпкерлерге арналған өнімдерді қамтиды.

www.asiacreditbank.kz


»НҰРБАНК" АҚ

«Нұрбанк» Акционерлік қоғамы 1992 жылғы тамыздың 3 күні Атырау қаласында құрылған. 2003 жылы Бас банк Алматы қаласына көшірілді. Қысқа мерзімнің ішінде «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы аймақтық банктен республикалық деңгейге көтеріліп, Қазақстан банктерінің алғашқы ондығында нық орнықты. Бүгінгі күні «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша 8 орында тұр, ол банктік қызметтердің барлық түрлерін ұсынады. Республикамыздың барлық ірі аймақтарында 16 филиал, 40 әмбебап орталық банктік қызмет көрсетуде.

www.nurbank.kz

«АТФ БАНК» АҚ

«АТФБанк» акционерлік қоғамының негізі 1995 жылғы маусым айында, яғни ҚР Ұлттық Банкі «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ тіркеген кезде қаланған. Сол жылы АТФ Банк Қазақстанның банктік заңнамасымен қарастырылған теңгедегі және шетелдік валютадағы операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ №59 Бас лицензиясын алды. 2001 жылы «Алматы сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамы тіркелді, ал 2002 жылдың маусым айында «АТФ Банк» ашық акционерлік қоғамы тіркелді. 2003 жылдың қазан айында «АТФ Банк» АҚ-на қайта тіркеу жүзеге асырылды.

www.atfbank.kz

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ЕҰ

Қазақстандағы «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік қоғамы Еншілес банкінің тарихы 2006 жылдың аяғынан, яғни ресейлік қаржы жүйесінің флагманы Ресей Сбербанкі Орталық және Шығыс Еуропаның ірі қаржы институты Тексака Банктің (National Business журналы клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары банк деп таныған) 99,99% акцияларын сатып алған сәттен басталады. Қазіргі таңда «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің 97 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 13-і – филиалдар. Банктің Орталық офисі Алматы қ. орналасқан.

www.sberbank.kz

«ШИНХАН БАНК ҚАЗАҚСТАН» АҚ

«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы тұңғыш оңтүстік кореялық банк болып табылады. Әлемнің ең ірі банкінің бірі – Корея Республикасы Сеулдегі Shinhan Bank, Банктің жалғыз акционері болып табылады, ол болса өз кезегінде Корея Республикасындағы көшбасшы қаржылық топ Shinhan Financial Group құрамына кіреді.

Қазіргі күні Банк жеке тұлғаларға да, сонымен қатар корпоративтік сегментке де бағытталған банктің қызметтің кең саласын ұсынады, орта және шағын бизнес кәсіпорындары мен ұйымдарына қызмет көрсетеді.

www.shinhan.kz

«QAZAQ BANKІ» АҚ

«Qazaq Banki» акционерлік қоғамы — коммерциялық банк болып табылады, заңды және жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетуге маманданған. Банк әмбебап банкке тән түрлі қызметтер ұсынады.


www.senimbank.kz

«ҚДБ-ЛИЗИНГ» АҚ

«ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы «Қазақстанның даму банкі» Акционерлік қоғамның құзырлық ұйымы болып табылады және «Самұрық-Қазына» халық әл-ауқат қорының жүйесіне кіреді. Компания Қазақстан Даму Банкі ұсынатын ҚР индустриалды-инновациялық дамыту Стратегиясын жүзеге асыру шеңберіндегі қаржы салымы жобаларын қаржыландыратын құралдарды ұлғайту мақсатында 2005 жылдың 6 қыркүйек айында құрылды.


www.kdbl.kz