Компания туралы

АЗИЯ ТУРАБИ" ЖШС бағалау компаниясы Қазақстан бағалау нарығында 10 жылдан аса қызмет етіп келеді. Компанияның бағалау есептемесі Қазақстан Республикасы заңдарына және халықаралық стандарттарға сай.

«АЗИЯ ТУРАБИ» ЖШС бағалау компаниясының мамандары «Қазақстан Бағалаушылар Достастығы» Өзін-өзі Реттейтін Ұйым" Бағалаушылар Палатасының мүшесі болып табылады.

Компанияның Қостанай қалаласында филиалы бар.

«АЗИЯ ТУРАБИ» ЖШС бағалау компаниясы төмендегідей қызмет түрлерін ұсынады:

  • Жылжымалы және жылжымайтын барлық мүліктің нарықтық құнын бағалау;
  • Мүліктік құқықты (талап ету құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы) бағалау;
  • Материалдық емес активтерді бағалау;
  • Құрылысы аяқталмаған нысандарды бағалау;
  • Құнды қағаздар мен капиталдағы үлесін бағалау;
  • Қондырғы, жабықтарды бағалау;
  • Автокөлік, арнайы техника, темір жол көлігі, әуе және теңіз нысандарын бағалау;
  • Бизнесті/брендті бағалау;
  • ҚЕХС талаптарына сай негізгі құралдарды бағалау.

«АЗИЯ ТУРАБИ» компаниясы кепілзаттың нарықтық құнын анықтау бойынша отандық және шетелдік банктерге кеңесші қызметін атқаруда.

Жоғарыда ұсынылған қызмет түрлерін көрсетуде аса білікті мамандар Сізге көмекке келеді. Компания қызметкерлері мүліктің барлық түрлерін бағалау құқығы берілген мемлекеттік лицензиялардың иегерлері, отандық ірі банктерде, бағалау компанияларында еңбек еткен тәжірибелі мамандар болып табылады. Олар өз саласын ғана емес, банктік әкімгерлікті, несие беру шарттарын, банк қызметіне және мүлікті бағалауға қатысты қойылатын уәкілетті орган мен халықаралық стандарт талаптарын білетін кәсіби шеберлер.

Экономиканың түрлі саласында жетекші орынға ие ірі қазақстандық компаниялардың мүліктерін бағалау және заңдық демеу көрсету жұмыстарын да Біздің компания қызметкерлері сәтті атқарып келеді. Тапсырыс беруші мен Серіктестер тарапынан жоғары бағаларға ие болуда.

Бүгінгі таңда «АЗИЯ ТУРАБИ» жеке меншік бағалау компаниясы қазақстандық және шетелдік банктердің, экономиканың түрлі саласындағы жетекші ірі компаниялардың сенімді серіктесі болып табылады.